БӨРІБАЙҚЫЗЫ БИБІГҮЛ » «Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласының білім бөлімінің
«Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (725) 363-89-98
Есепші бөлімі:
+7 (700) 957 7534
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қыркүйек
2023

БӨРІБАЙҚЫЗЫ БИБІГҮЛ

Бөрібайқызы Бибігүл 1977 жылдың 8 сәуірінде Қызылорда облысы, Шиелі ауданында көпбалалы, мәдениет саласының қызметкерлері отбасында дүниеге келген. Аталған ауданда №45 «Ақорда» жалпы орта мектебіне 1984 жылы қабыданып, 1994 жылы бітірді. 

1995 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Биология» факультеті, «Биология пәнінің мұғалімі» мамандығына оқуға түсіп, 1999 жылы бітірді. 

1999 жылы Кентау қаласының азаматы Рауан Аханұлымен отбасын құрып, қазіргі таңда 1 ұл, 4 қызды тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Жолдасы Рауан Аханұлы 2022 жылы дүниеден өтті.  

Бибігүл Бөрібайқызы алғашқы еңбек жолын 2000 жылы қазан айынан бастап Кентау қаласы, киелі Тұрар Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі болып бастады. 2014-2023 жылдар аралығында осы мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылы 17 сәуірде  директорлық қызметке тағайындалды. 

Бөрібайқызы Бибігүл 23 жыл еңбек өтілі бар, шебер-педагог, білікті маман иесі. Сонымен қатар биология ғылымдарының магистрі. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив