КАМАЛОВА Гульмира Садуакасовна

Түркістан облысы Кентау қаласы
Т. Рысқұлов атындағы № 24 жалпы
орта мектеп директорының оқу
ісі жөніндегі орынбасары
Камалова Гульмира Садуахасовнаға
ҚЫЗМЕТТІК МІНЕЗДЕМЕ
Камалова Гульмира Садуахасована Т. Рысқұлов атындағы № 24 жалпы орта мектебінде 2007 жылы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне қабылданды. Орынбасар қызметімен қоса өз мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9 сағат берілді.
2010 жылдың 31 тамызынан бастап мектеп директорының бастауыш сыныптары бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2011 жылы 12 қазан күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылып, жұмыс атқарып келеді.
Диплом бойынша мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Білімі жоғары, педагог –шебер.
Гульмира Садуахасована еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік,қалалық, облыстық сайыстарға қатысып, мектептің абыройын көтеріп жүрген өз ісінің қас шебері.
Мұғалімнің негізгі мақсаты- заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, оқушының креативті ойлау дағдылыарын, шығармашылық қабілетін жан-жақты танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.
Гүлмира Садуахасқызы ұжымда өзінің бойындағы адамгершілік, сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету арқылы, мұғалімге тән еңбекқорлық пен ізденімпаздық қасиеттерімен ұжымға сыйлы, абыройлы, құрметті бола білген жан.Мектеп оқушыларының табысты білімге қол жеткізуіне және заманауи талапқа сай оқуына барлық мүмкіндікті орынды ұйымдастыра білген білікті басшы.
Гүлмира Садуахасқызының толағай шығармашылық табыстары мен еңбектері елеусіз емес. Соның дәлелі ретінде 2016 ж Оңтүстік Қазақстан білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысы Қ.С. Құлажановтың Мақтау қағазымен марапатталды;
2017 ж Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы И. Сағындықовтың Алғыс хатымен марапатталды / Т№1852. 2017 ж. Шымкент/
2017 ж Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинеті» директорының м.у.а. А. Турысбаевтың Мадақтамасымен марапатталды. /Т№ 2469 2017 ж Шымкент/
2018 ж Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі Е. Сағадиевтің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2018 ж Түркістан облысының білім басқармасы басшысы И. Сағындықовтың Алғыс хатымен марапатталдым /Т№ 1893. Түркістан 2018 ж/
2015 ж Кентау қаласының әкімі Ә. Мақұлбаевтың «Қала жанашыры» төс белгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, ол өз тәжірибесін ғылыммен ұштастыру мақсатында ғылыми конференцияларға өз қаламынан туындаған ғылыми мақалалар жариялаған. Ондағы мақсат - ғылым мен мектеп қабырғасындағы тәжірибені ұштастыру. Нәтижесінде «Біліктілікті арттыру жүйесінің инновациялық стратегиялар – даму кепілі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына белсене қатысқаным үшін сертификатталдым /«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының директоры Л.Искакова № 655/
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми – зерттеу институты» РМҚК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының «Кәсәпорындардағы еңбек қаупсіздігі және еңбекті қорғау» курсы бойынша оқу бағдарламасын өткендігін куәландыратын сертификат алдым.Т№ 672.19.04.2019
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастыруымен өткен «Жаңа дәуірдің мектебі» Х-шы Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысып сертификатталдым /К. Шамшидинова Астана 25-26.10.2018 ж.
Гүлмира Садуахасқызының еңбегі тек мектеп қабырғасындағы жұмыстары мен шектелмейді.Ол елімізде болып жатқан саяси істердің кезеңіндегі жұмыстарға да аса жауапкершлікпен қарайды.Әр жыл сайын наурыз айында мектеп ауласы мен қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары қатысады.Осы еңбектерне қарап, Гүлмира Садуахасқызын тек мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары деп ғана қарамай, қоғамдағы жауапкершілігі өте мол азаматша деп танимыз.