08
қыркүйек
2023
АКАЕВА Меруерт Шаймерденовна
Акаева Меруерт ШаймерденовнаТ.Рысқұлов атындағы №24 жалпы білім беретін мектебінің
педагог-ұйымдастырушысы
Акаева Меруерт Шаймерденовна 1983 жылы 23-наурызда Кентау қаласында дүниеге келгенмін . 2000-2006 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті бітіріп, тарих және география пәні мұғалімі мамандығын алып шықтым. Т.Рысқұлов мектебінде 2016 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Еңбек жолында талай жетістіктерге де жеттім. Мамандығым бойынша модератор санатындағы мұғаліммін. 7.12.2021 жылы Адами әлуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің 30 жылыдығына 30 тәрбие сағат» тақырыбындағы семинарға белсене қатысып Б.Жумабаевтың алғыс хатымен марапатталдым. 2021 жылы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласы аясында , қалалық жасөспірімдер арасында «Ән көңілдің ажары» тақырыбында шәкіртім 3-орынды жеңіп алып өзім Б.Жумабаевтың алғыс хатымен марапатталдым. 2021 жылы «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты феставальде жоғары деңгейде талантымен зор үлес қосқаны үшін Б.Жумабаевтың алғыс хатымен марапатталдым. 2022жылы Адами әлуетті дамыту бөлімі А.Ауелбековтың алғыс хатымен марапатталдым. 2022 жылы Республикалық «Біз бақытты баламыз!» атты байқауға жоғары деңгейде оқушы дайындағаны үшін Үздік жетекші дипломмен марапатталдым .2023жылы Адами әлуеттіі дамыту бөлімі А.Ауелбековтің мадақтамасымен марапатталдым. 01.08-11.08.2023 жылы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту /5-9 сыныптар/ бойынша оқып сертификат алдым .