07
қыркүйек
2023
ӘМЗЕ Айләззәт Мәдиярқызы
Мен Әмзе Айләззәт Мәдиярқызы 1993 жылы 11 шілдеде Түркістан облысы Кентау қаласында дүниеге келдім.2009-2013 жж аралығында Түркістан облысы Кентау қаласы «Кентау көпсалалы колледжінде» «Техник-құрылысшы» мамандығын алып шықтым.
2013-2016 жж аралығында Түркістан облысы «Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде» «Кәсіптік оқыту» мамандығын оқып, диплом алдым.
2017 жылы 1 қыркүйегінен бастап Түркістан облысы Кентау қаласы «Т. Рысқұлов атындағы №24 жалпы білім беретін» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «аға тәлімгер» қызметін атқарып келемін.
2022 жылы «Алтын күз» атты қашықтықтан өткізілген Халықаралық байқауында «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша жеңімпазды дайындағаны үшін дипломмен марапатталдым.
2023 жылы оқу жылының аяқталуына қарсы өткізілген іс-шарада мектеп директорының алғыс хатымен марапатталдым.